Лицензия
Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензия тек заңды тұлғаға ғана берілуі мүмкін, себебі жеке тұлғалар сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Лицензиялануға тиiстi сақтандыру қызметi сақтандыру ұйымдары мен өзара сақтандыру қоғамдарының (сақтандырушылардың) алдағы сақтандыру төлемдерi үшiн қажеттi арнаулы ақша қорларын (сақтандыру резервтерiн) қалыптастыру жөнiндегi қызметi болып табылады.
Лицензиялар ерікті және міндетті жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыруға жүзеге асыруға беріледі. Егер сақтандырушының қызметі тек қана сақтандыру болып табылса, онда сақтандыру үшін лицензия беріледі. Бұл жағдайда, лицензиялар сақтандырушының жүзеге асыруға құқығы бар сақтандырудың жекелеген түрлерін көрсетеді.